15 Ноя 2026, Вс

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Маңызды басқосуда жаңа Конституция аясындағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер, педагог мәртебесін арттыру және құқықтық қорғалуды қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.