15 Ноя 2026, Вс

«JASTAR FEST–2026»: ЖАСТАР НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Тараз қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды спорттық шара – «Жастар нашақорлыққа қарсы» ұранымен өтетін «Jastar Fest–2026» облыстық фестивалі басталды. Жамбыл облысының түкпір-түкпірінен келген студент жастар бас қосқан дода Жақсылық Үшкемпіров атындағы Тараз-Арена спорт сарайында ұйымдастырылды.