Бұл – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметкерлерге көрсетілетін ерекше құрмет күні.
Біздің түсірілім топ Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригада, 55395 әскери бөлімінде болып, сарбаздардың бір күндік өмірімен танысып қайтты.
Қатаң тәртіп, нақты жоспар, үздіксіз дайындық – қазіргі әскердің басты ерекшелігі. Мұнда сарбаздар тек физикалық тұрғыдан емес, рухани жағынан да шыңдалады. Әскери қызмет – тәртіп, жауапкершілік пен батылдық мектебі.
Заманауи техника мен жаңа мүмкіндіктер арқылы жастар тек Отан алдындағы борышын өтеп қана қоймай, болашаққа қажетті дағдыларды меңгереді.
ӘСКЕР – НАҒЫЗ ЕР АЗАМАТТЫҢ МЕКТЕБІ

