9 Май 2026, Сб

10 МЫҢНАН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Қызылорда қаласында «Enbek hub – QYZYLORDA» өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге еліміздің Абай, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарынан жұмыс берушілер қатысып, жергілікті кәсіпорындар да өз ұсыныстарын ұсынды.