Қызылорда облысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс 32-сессиясы өтті. Оған депутаттармен қатар облыс әкімі аппараты мен басқарма басшылары қатысты. Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы ұйымдастырылып, күн тәртібіндегі мәселелер алдын ала жан-жақты қаралды.

