Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» тақырыбында ашық есік күні өтті. Жоғары оқу орындарының студенттері мен жас мамандарға фискалдық органның ішкі тыныс-тіршілігі көрсетілді. Кездесу барысында бүгінгі таңда адалдық — мемлекеттік қызметшінің басты капиталы екені ерекше атап өтілді.

