Жамбыл облысында дін саласында қызмет атқаратын мамандарға арналған облыстық екі күндік оқыту семинары өтті. Семинарға өңірдің барлық аудандарынан келген ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ діни бірлестік өкілдері қатысты. Жалпы саны жүзге жуық қатысушы бас қосқан жиында саладағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

