1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында 5513 әскери бөлімінде ерекше мереке өтті. Сайысқа қатысқан өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде сайрап, әскери рух пен мәдениетті ұштастырды. Мерекелік шараның басты мақсаты – достық пен татулықты нығайту.

