Көктемгі шақырылымдағы жас сарбаздар үшін «Жас жауынгер курсы» басталды. Бұл — тек бейімделу кезеңі ғана емес, әскери өмірдің алғашқы сатысы. Бір ай бойы сарбаздар жарғыны жаттап, қару-жарақтың қыр-сырын үйреніп, саптық дайындықтан өтеді. Алған білімдерін кейін іс жүзінде шыңдайды. Дәстүрлі бұл үдеріс 5-ші механикаландырылған бригадада да жолға қойылған. Биыл көктемде мұнда үш жүзден астам жас сарбаз толықтыру ретінде келді.

