Тараз қаласындағы №67 орта мектепте «Ғ.Байтасов атындағы Жас жол инспекторларының ХХІ республикалық слетінің» салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Слетке облыстың түкпір-түкпірінен келген командалар қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Ашылу салтанаты салтанатты парадпен басталып, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Шара барысында жауапкершілік, тәртіп және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілді.

