«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Шара Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы Есімхан даңғылы бойында өтті. Бұл бастама туған жер табиғатын қорғау, қаланы көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында қолға алынды.

