10 Май 2026, Вс

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қордай ауданының орталық алаңында, Ғазиз Байтасов атындағы «Жас жол инспекторлары – 2026» аудандық слеті өткізілді. Бұл слет – оқушылардың білімін, шапшаңдығын, ұйымшылдығын және жол қозғалысы ережелерін қаншалықты деңгейде меңгергенін көрсететін маңызды шара. Оқушылардың көшеде қауіпсіз жүріп-тұруы, жол ережелерін білуі және түсінуі, сондай-ақ, тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға арналған іс-шаралар бүгінде үлкен маңызға ие.