10 Май 2026, Вс

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАҢА САЯСАТ

Таразда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа кезеңі талқыланды. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдерін талқылау» атты диалог алаңы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – 2022–2026 жылдарға арналған қолданыстағы саясаттың мерзімі аяқталуына байланысты, алдағы кезеңге арналған жаңа Тұжырымдаманың мазмұнын сапалы әзірлеу және жемқорлықпен күрестің тың тетіктерін қалыптастыру.