10 Май 2026, Вс

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ – РУХАНИЯТ МЕРЕКЕСІ

https://youtu.be/1XZyqm6IV_4

Диктор: Қызылордада Ұлттық кітап және Кітапханашылар күні кең көлемде атап өтілді. Биылдан бастап 23 сәуір елімізде ресми түрде Ұлттық кітап күні ретінде белгіленіп, руханият мерекесіне айналды. Бұл бастама ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан ұсынылған. Апталық аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана базасында «Кітап – білім бастауы» тақырыбында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Зияткерлік сайыстар, әдеби кездесулер, кітап көрмелері мен мәдени жобалар оқырман қауымға ерекше әсер сыйлады.