Қызылорда қаласында «AMANAT партиясы» бастамасымен «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Әділетті заң – әділетті қоғам» тақырыбындағы республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі өнер мен құқықтық мәдениетті ұштастырған байқау еліміздің әр өңірінен келген өнерпаздардың басын қосты.

