9 Май 2026, Сб

ӘСКЕРДЕГІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Өткен демалыс күндері еліміздің Қарулы күштерінде ауқымды «Ашық есік күні» өтті. Еліміздің барлық гарнизондарындағы әскери бөлімдер сарбаздардың ата-аналары, студенттер мен оқушылар үшін есігін айқара ашты. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерінде де іс-шара бағдарламасы өте мазмұнды болды.