Биыл бітіруші түлектердің кеші тек мектеп қабырғасында және қатаң бақылаумен өтеді. Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 2026 жылы мектептегі салтанатты шараларды өткізудің жаңа талаптарын бекітті. Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың қаржылық жүктемесін азайту. Мейрамханаларда тойлауға ресми түрде тыйым салынады, ал полиция бұл күндері күшейтілген режимге көшеді. Тараз тұрғындары мұндай форматқа қаншалықты дайын? Бұл туралы түсірілім тобымыз біліп қайтқан болатын.
Ақпараттық порталы

