Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын тасымалдау арнасының жолын кесті. «Меркі – Шу – Бурылбайтал» автожолының 122-шақырымында полицейлер жеке тасымалмен айналысатын Шу қаласының 55 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Volkswagen Golf» маркалы автокөлікті тоқтатты.

