18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күн – әлемдік мәдени мұраны қорғау мен сақтауға үндейтін маңызды мереке. Өңірде бүгінде 483 тарихи-мәдени мұра нысаны мемлекет қорғауына алынған. Биыл да бірқатар археологиялық қазба және реставрация жұмыстары жоспарланып отыр.

