Қызылордада «Quraq» бастамасы іске қосылды. Жоба үкіметтік емес ұйымдар, қала әкімдігі және жергілікті қоғамдастықтардың күшін біріктіріп, ауылдық аумақтарды дамытудың тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама өңірде өткен азаматтық қоғам форумында ұсынылған нақты бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.

