Таразда мектеп бітіруші түлектер мен жастарға арналған «Study in Kazakhstan» халықаралық білім беру көрмесі өтті. М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 60-тан астам шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары қатысты.

