Жамбыл облысындағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі «AMANAT» партиясының жіті бақылауында. Бүгін Тараз қаласында Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, аймақтағы су жүйелерінің жай-күйі мен атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.Өңірдегі барлық ауыл-аймақ 100 пайыз ауыз сумен қамтылғанымен, желілердің сапасы мен жаңғырту жұмыстары әлі де өзекті.

