20 Апр 2026, Пн

ТӨРТ ТҮЛІК ТӨЛДЕП, БЕРЕКЕ АРТҚАН ШАРУАШЫЛЫҚ

Мал шаруашылығы – қазақ даласының ежелден жалғасқан берекелі кәсібі, ел ырысы мен тұрмыс-тіршілігінің тірегі. Төрт түлік малды түлетіп, оның басын көбейту – ауыл экономикасының дамуына серпін беретін маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде Меркі өңірінде осы саланың қарқыны артып, көктемгі төл алу науқаны қызу жүріп жатыр.