Жамбыл ауданында 2025 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз грантты 90 азамат алды. Бұл қолдау көптеген тұрғындарға өз кәсібін бастауға мүмкіндік берді. Өткен жылы өз ісін бастаған тұрғындардың алғашқы легі өнімдерін де алып, еңбектің нәтижесін көруде.

