Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиынның күн тәртібінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының барысы және өңірдегі орман қорын молайту мәселелері талқыланды. Облыс басшысы атқарылған жұмыстарға баға беріп, кейбір аудандардағы кешеуілдеп жатқан жобаларды сынға алды.

