20 Апр 2026, Пн

ДЕПУТАТТАР ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Қызылорда қаласындағы бірқатар ірі құрылыс нысандарын аралап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты. Делегация құрамында облыс және қала басшылығы да болды. Халық қалаулылары алдымен сол жағалаудағы көпбейінді аурухана мен тұрғын үйлердің құрылыс қарқынын көріп, жауапты мердігерлердің есебін тыңдады.