Тараз қаласындағы «Достық» үйінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жұмысына белсенді қатысқан азаматтар марапатталды. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хаттары табысталды.

