20 Апр 2026, Пн

ӘУЛИЕАТА ТӨРІНДЕГІ ӘЗ-НАУРЫЗ

Бүгін «Әулиеата» ауданының тұрғындары мерекелік көңіл-күйге бөленді. «Қазақ хандығы» монументінің жанында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы жоғары деңгейде атап өтілді. Мұнда киіз үйлер тігіліп, ақ дастарқан жайылып, ауқымды концерттік бағдарлама ұсынылған нағыз этно-ауыл ұйымдастырылды. Қала тұрғындары үшін спорттық жарыстар мен халық қолөнершілерінің көрмесі де өтті.