Қасиетті Рамазан айы — қайырымдылық пен мейірімділіктің мекені. Осы берекелі айда мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасау игі дәстүрге айналған. Бүгін Тараз қаласындағы №24 жатақхана тұрғындары үшін ерекше күн болды. Жамбыл облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен «Қамқор» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

