Бүгін Тараз тұрғындары ең жылы әрі ізгі мерекелердің бірі – Көрісу күнін атап өтті. Бұл күні адамдар бір-бірінің үйіне барып, қол алып амандасып, ақжарма тілектерін арнайтын көне дәстүрлі күн. Негізгі мерекелік шаралар қала орталығында өтті. Іс-шараны «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекенің басты мақсаты – тек көңіл көтеру емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау болды

