21 Апр 2026, Вт

ҚОЛДАУ БАР ЖЕРДЕ – КӘСІПТІҢ КЕЛЕШЕГІ БАР

Меркі ауданында мемлекет қолдауының арқасында кәсіп ашқан азаматтар қатары артып келеді. Солардың бірі – Жамбыл ауылының тұрғыны Абылай Нұрманбетов. Ол  биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайыздық жеңілдікпен 7 миллион 35 мың теңге көлемінде несие алып, жиһаз өндірісін қолға алған. Несие қаражатына заманауи аппараттар мен құрал-жабдықтар сатып алып, туған ауылында шағын цех ашып, өз кәсібін бастап отыр.