8 наурыз мерекесі қарсаңында әйел заты туралы айтқанда көбіне нәзіктік, сұлулық, гүл мен мейірім еске түседі. Алайда күнделікті қызметі темірдей тәртіпті, төзімділікті және батылдықты талап ететін қыз-келіншектер де бар. Олар – әскери қызметші әйелдер. Оңтүстік өңірде орналасқан әскери бөлімдерде нәзік жандар ер азаматтармен қатар қызмет атқарып, әріптестерінен еш кем түспей, өз міндеттерін абыроймен орындап жүр.

