Таразда жолаушы мен автобус жүргізушісі арасында жанжал шығып, соңы пышақ жарақатымен аяқталды. Күдікті ұсталды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, мас күйде болған жолаушы жүргізушіден жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан автобусты әрі қарай жүргізуді талап еткен. Екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, соны төбелеске ұласқан.

