Өңірлік Жалпыұлттық коалиция мүшелері Тараз қаласындағы «Асар» оңалту орталығының ұжымымен кездесті. Басқосу барысында алдағы референдумның маңызы түсіндіріліп, Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен айтылды. Кездесуде спикерлер референдум – ел болашағына қатысты маңызды саяси науқан екенін атап өтті.

