21 Апр 2026, Вт

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты кездесу өтті. Бір залға әртүрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандар жиналды. Олардың қатарында қаланың тазалығы мен экологиясына үлес қосып жүрген қызметкерлер де, заң мен тәртіптің сақталуына жауапты мамандар да бар. Өз ісінде үздік атанған бірқатар әйелдер мемлекеттік наградалармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.