Көктемнің алғашқы лебімен бірге келген 8-наурыз халықаралық әйелдер күні Тараз төрінде ерекше сән-салтанатпен атап өтілді. Бүгін көне шаһардың мәдениет ошағында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандыларға құрмет көрсетілді. Ана мен арудың қадірін асқақтатқан мерекелік кеште ақ тілектер ағылып, марапаттар иесін тапты. Мерекелік концертке облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.

