21 Апр 2026, Вт

БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жамбыл өңірі – талай дарынды спортшыларды тәрбиелеген киелі мекен. Осы өрелі жолдың жалғасы ретінде Тараз қаласындағы №6 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде айтулы дода жалауын желбіретті. Көне шаһарда КСРО спорт шебері Кеңес Омаровты еске алуға арналған жастар арасындағы бокстан халықаралық турнир өтті. 5 мемлекеттен жиналған 16-17 жас аралығындағы өрендер шаршы алаңда нағыз мінез бен шеберлік көрсетті.