21 Апр 2026, Вт

ЖАУЫНГЕРЛІК ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ ШЕБЕРЛІГІ ШЫНДАЛУДА

Күні кеше Жуалы ауданындағы «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында таулы-егерлі рота жауынгерлері кезекті жауынгерлік үйлесім кезеңінен өтті. Кәдімгі әскери бөлімдер үшін бұл – нормативтерді орындау, атыс дайындығы мен тактикалық жаттығуларды пысықтау. Ал таулы-егерлі бөлімшесі үшін жауынгерлік үйлесімнің өзіне тән ерекшелігі бар. Олар тек сарбаздарды ғана емес, жауынгерлік жылқыларды да қатарға қосып, бірге шыңдайды.