21 Апр 2026, Вт

НАН ПІСІРІП ЫРЫСЫН АРТТЫРҒАН КӘСІПКЕР

Ас атасы – нан. Қазақ халқы ежелден-ақ нанды ырыс-берекенің бастауы деп бағалаған. Бүгінде осы берекелі кәсіпті табыс көзіне айналдырып, ауыл тұрғындарын сапалы өніммен қамтып отырған жандардың бірі – Ақарал ауылының тұрғыны Нұржан Әлікенов.  Ауылда наубайхана ашылғанына алты айға жуық уақыт болған. Осы уақыт аралығында кәсіп иесі жергілікті тұрғындарды балғын әрі сапалы нан өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.