21 Апр 2026, Вт

ТАРАЗДАҒЫ ШАХМАТ ДОДАСЫ

Еліміздің интеллектуалды элитасы Тараз төрінде бас қосты. Мұнда классикалық шахматтан 2026 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының жартылай финалы басталды. Бәс тігілген дүние тек қомақты жүлде қоры емес, сонымен қатар ел біріншілігінің финалына берілетін жолдама. Салтанатты ашылу рәсіміне облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұрәлиев қатысты.