Тараз төрінде жыр нөсері жауды. Әулиеата өңірінде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Жыр жауһары – Жамбылым!» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 15 өрімдей жас талант ұлы ақынның әдеби мұрасын ұлықтап, өз шығармашылықтарымен көрерменді тәнті етті. Поэзия мерекесінен тілшіміз тарқатады.

