Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал ауданы Полиция бөлімінің Жедел басқару орталығында қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудан көлемінде 72 дана бейнебақылау камерасы және 7 дана жылдамдық өлшегіш құрылғысы жұмыс жасауда. Бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмысын 3 бейнебақылаушы қадағалап, жедел әрекет ету арқылы қоғамдық қауіпсіздіктің нығаюына өз үлестерін қосып келеді.

