Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жаңартылған өрт сөндіру бөлімін ашты. Ол еліміздің өртке қарсы инфрақұрылымын кезең кезеңімен реновациялаудың бір бөлігіне айналды. Бөлімше 1987 жылы салынған. Араға шамамен 40 жыл салып, ғимарат алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Жұмыс барысында ғимарат пен қызметтік үй-жайлар жаңғыртылып, инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері заманауи қауіпсіздік талаптарына сай толық жаңартылды.

