20 Апр 2026, Пн

БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ: ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Жамбыл облысының топырағында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы өскелең ұрпақтың санасына сапалы ой салу мақсатында мазмұнды кездесу өткізді. Тараз қаласының білімді де білікті жастарымен жүздескен офицерлер құрамы мамандандырылған әскери мектеп-интернаты мен Алаш арысының есімін иеленген Әлихан Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясында болды. Бұл іс-шаралардың түпкі мұраты — жалаң ұран емес, мемлекеттік жастар саясатының өзегі болып табылатын тұлғалық тұтастық пен азаматтық кемелдікті қалыптастыру.