20 Апр 2026, Пн

ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Тараз қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті бұзылған ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтуде. Бұл дүбірлі дода — тек спорттық бәсеке ғана емес, ерік-жігер мен табандылықтың, шексіз мүмкіндіктің айқын көрінісі. Еліміздің әр өңірінен келген спортшылар ақыл-ой сайысында бақ сынап, өзара мықтыны анықтау үстінде.