21 Апр 2026, Вт

ЖАСТАРҒА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ТҮСІНДІРІЛДІ    

Жамбыл облысында жастар арасында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенді жастар қатысты. Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталды.