«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың төрағалығымен облыстық және қалалық мәслихаттағы фракция мүшелерімен бірлескен отырыс өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау және оның ел болашағы үшін маңызын саралау.

