Бүгін 6 ақпанда Сарысу ауданы Жанатас қаласында екпінді дауыл соқты. Желдің жылдамдығы секундына 32 метрге дейін жеткен. Табиғаттың мұндай екпіні қала инфрақұрылымы мен тұрғын үй қорына айтарлықтай зақым келтірді. Облыс әкімі шығын көлемін бағалау үшін ауданға арнайы барды. Өңір басшысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқановпен бірге зардап шеккен нысандарды аралап көрді.

