18 Апр 2026, Сб

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында төраға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы және партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.