Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының мерейі үстем болды. Күні кеше өнер ордасына көптен күткен «Академиялық» мәртебесі ресми түрде берілді. Айта кетейік, бұл жоғары атақ бұған дейін бекітілген болатын, алайда кеше театр ғимаратының алдында жаңа атау ресми орнатылып, шамы жағылды. Салтанатты шараға өңір басшылығы, өнер майталмандары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

